Каспий маңы ынтымақтастығының құқықтық базасын нығайту жұмысы жалғасады

Аймақ үшін тарихи құжат, оны әзірлеу жұмысы 1996 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт жүргізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлігінің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияда жасалған барлық қағидатты растады. Каспий маңы ынтымақтастығының құқықтық базасын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбіде Ашхабадта өткен Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Біз 4 жыл бұрын Қазақстанда өткен саммитте қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияда жасалған барлық принциптің өзектілігін растадық. Бұл мемлекеттердің әрқайсысы үшін маңызы бар", - деді Лавров.
Сыртқы істер министрлерінің бұған дейінгі кездесуі 2018 жылы тамызда Ақтауда өтті. Оның барысында Ресей, Қазақстан, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан президенттері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға (Ираннан басқа барлық қатысушы елдер ратификациялады) қол қойды. Аймақ үшін тарихи құжат, оны әзірлеу жұмысы 1996 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт жүргізілді.
Алтыншы Каспий саммиті 29 маусымда Ашхабадта өтеді деп жоспарланған.