Калифорнияда пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты – қаза тапқандар бар

Округ шерифінің кеңсесі оқиғаның тергеліп жатқанын мәлімдеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Брентвуд қаласына жақын жерде пойыз жеңіл автокөлікпен соқтығысты.
Апат салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлады NBC News телеарнасының жергілікті бөлімшесі.
Пойыз шлагбауммен жабдықталмаған темір жол өткелінен өтіп бара жатқан автокөлікке соқтығысқан. Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі – ересек ер адам мен бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Пойызда 89 адам болған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл теміржол өткелінде мұндай оқиғалар жиі болып тұрады.
Айта кетері, бұған дейін Миссури штатының Мендон қаласына жақын жерде жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып, рельстен шығып кеткен, соның салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.
Оқиға
Алматы облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты: оқиғаның мән-жайы