НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 456,05 теңгені құрады.
Осылайша бір тәулікте шетелдік валюта 4,89 теңгеге арзандады. Ұлттық банктің 28 маусымға белгілеген ресми бағамы 460,95 теңге болған еді.
Ал рубль бағамы күндізгі сессиядан кейін 8,6 теңгені құрады.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 454-455 теңгеге сатып алып, 458-460 теңгеден сатып жатыр.