НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Түркістан облысында жеті жасар қыз алюминий флягаға түсіп, шыға алмай қалды. Құтқарушыларды шақыруға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы құралдарын алып барған.
Фляганы тігінен кескен. Темірді керіп тастайтын аппаратты да қолданған. Осылайша, кішкентай бүлдіршінді аман-есен алып шықты.