Қоғам

Қырғызстаннан 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Қырғызстанның ҰҚК қызметкерлері заңсыз әрекеттің жолын кесті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстандық көрші қырғыз елінен 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды.
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар "Чон-Капка - Автодорожный" бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған.
Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген.
Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.
"Үстеме ақы қойып отыр" – премьер-министр қант бағасына қатысты тапсырма берді