НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Сол арқылы табыс табуға шақырған.
2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасы жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.
Агенттік қазақстандықтарға қырағы болуға және ақшаны күмәнді қаржы институттарына салмауға кеңес берді.