Саясат

Қазақстан, Әзербайжан және Түркия министрлері көлік байланысын кеңейтуді талқылады

Тараптар үшжақты және аймақтық ынтымақтастықты кеңейту, Каспий теңізі арқылы өтетін Шығыс-Батыс Орталық дәлізінің әлеуетін дамыту мәселелерін талқылап жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Бакуде Қазақстан, Әзербайжан және Түркия сыртқы істер және көлік министрлерінің алғашқы үшжақты кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Тараптар Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіз, тиімді және сенімді көлік-коммуникациялық байланыстардың нақты бағыттарын талқылап жатыр, деп хабарлады Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов.
"Жаһандық қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және экономикалық дамуға қауіп төніп тұрған шақта өңірлік деңгейде сын-тәуекелдердің алдын алу тұрғысынан біздің ынтымақтастығымыздың маңызы зор. Осы себепті біздегі үшжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттарын қарастыру өте маңызды. Сондықтан бүгінгі кездесуде Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіз, тиімді және сенімді көлік-коммуникациялық байланыс талқыланып жатыр", - деді ол.
Отырысқа Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмаилоғлы, Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысып жатыр.