Фото

Қараңғыда шам секілді жарқырайтын тіршілік иелері – таңғажайып фото

Түн қараңғысында аспан әлемі ғана жарқырамайды. Жер бетінде де жаратылысы жарық бөлуге бейімдеген тірі ағзалар жетерлік
Sputnik
Олардың эволюциясы жүздеген мыңжылдыққа созылған: мысалы, Мьянмада өткен жылы осыдан 99 миллион жыл бұрын кәріптаста қатып қалған жарық қоңызы анықталды.
Биолюминесценцияға ("биос" грек тілінен аударғанда - ​​өмір, ал "lumen" латын тілінен аударғанда – жарық дегенді білдіреді) қабілетті ең кішкентай ағзалар фито- және зоопланктонның бір жасушалы өкілдері болып табылады. Бүкіл дүние жүзіндегі жағалау толқындарында "жарық шоу" ұйымдастыратын да дәл осы планктондар.
Жер бетіндегі тіршілік, Әлем мұхиты жарқырайтын тірі ағзалардың түр-түрімен таңғалдырады. Олардың қатарында ұсақ микробалдырлар мен бір көзі адам басындай үлкен алып кальмарлар да бар.
Биолюминесценция – химиялық және біршама физикалық процесс. Сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен химиялық реакция пайда болып, ол жарықтың бөлінуіне әсер етеді.
Биолюминесценция назар аудару, жарықтандыру, байланыс, жасырыну, сондай-ақ қорғаныс, шабуыл, қорқыту құралы, тіпті "махаббат" тілі немесе үркіту үшін де қолданылады.
Теңіз тереңдігі мен үңгірлердегі көз тұнар қараңғыда жарық бөле алатын ерекше тірі ағзалар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер.
1 / 10

Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы Вайтомо жарық қоңыз үңгірлері. Бұрын биолюминесценция осы жәндіктердің дернәсілдеріне ғана тән және ол жыртқыштарды қорқыту үшін қажет деп есептеліп келді. Алайда, кейінгі зерттеулер мүлде басқаша тұжырымды көрсетті.

2 / 10

Гуам мен Сайпанға жақын маңдағы Тынық мұхитындағы Мариан ойпатындағы теңіз ұлттық ескерткішін теңіз тереңдігінде зерттеу кезінде көзге түскен биолюминесцентті медузалар. Ғалымдар су тереңдігіндегі тірі ағзалардың төрттен үш бөлігі "жарқырай" алатынын айтады. Зоопланктоннан балықтар мен кальмарларға дейін теңіз тереңіндегі тіршілік иелері жарықты әр түрлі тәсілдермен пайдалануға бейімделген.

3 / 10

Жарық қоңыздар қаптаған кешкі орман. Ересек жарық қоңыздар жарық сигналдарын жолдау арқылы өзара "сөйлесіп", өздеріне көбеюге арналған жұпты таңдайды.

4 / 10

Базидиалды Панеллюс мәйегі (Panellus Stipticus) саңырауқұлағы үңгір күмбездерін жарықтандырады. Жақында халықаралық ғалымдар тобы жарқырау механизміне байланысты бірқатар заңдылықты анықтады. Мысалы, люминесценция түсі процеске қатысатын ферменттердің бірінің формуласына байланысты болады. Ғалымдар осылайша саңырауқұлақтардың жарқырау түсін өзгерте алды. Табиғатта жасыл, көгілдір.. қызыл және қызғылт сары жарқырайтын саңырауқұлақтар да кездеседі.

5 / 10

Адамдар биолюминесцентті планктон Лос-Анджелестегі Доквейлер мемлекеттік жағалауын жарықтандырып тұрғанын тамашалап жатыр. Француз стартаптарының бірі жағалау маңындағы сулардан жиналған бактериялардың көмегімен қала көшелері және кеңселерді жарықтандыру тәсілін сынақтан өткізіп жатыр. Бактериялар тұщы су құйылған түтікшелердің ішіне салынады. Бұл олардың аквариум тектес ортада тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Түтікшелерге негізгі нутриенттер мен оттегінің кіруін қамтамасыз ететін ауа қосылады. "Жарықты өшіру" үшін ауа келуі тоқтатылады: бұл бактерияларды биолюминесценция тоқтайтын анаэробты күйге көшуге мәжбүрлейді.

6 / 10

Coeloplana meteoris тарақты. Мұхиттағы биолюминесцентті түрлердің көпшілігі толқын ұзындығы қысқа және мұхитта үлкен қашықтыққа таралатын көк-жасыл жарық шығарады.

7 / 10

Western Glowworm (Zarhipis integripennis) жарық қоңызы. Биолюминесцентті жүйелердің ерекшелігі - олар эволюциялық жолмен дамып түзілмеген, олар әр жағдайда әртүрлі әдіспен дербес қалыптасқан. Жарықтануды қамтамасыз ететін 30-ға жуық әртүрлі механизм белгілі.

8 / 10

Жаңа Зеландиядағы Te Anau жарық қоңыздар үңгірі. Кейбір жарық қоңыздар мен ұлулар сары болып жарқыраса, фритсокрикстың, яғни Солтүстік және Оңтүстік Америкада кездесетін қоңыздың дернәсілдері нүктелі өрнегі бар қызыл және жасыл-сары түс түрінде жарқырайды.

9 / 10

Pyrosome pelagic шоғыры. Ол Шығыс Тимордың Атауро аралынан табылды. Pyrosome – жүздеген және мыңдаған дара тіршілік иесінен тұратын ұзындығы 18 метрге жететін цилиндр немесе конус тәрізді шоғыр. Шоғырлардың ұзындығы бір сантиметрден бірнеше метрге дейін жетеді. Олар әдетте "теңіз қияры" деп атайды.

10 / 10

Мексиканың Тлаксала штатындағы Нанакамильпаға жақын маңдағы Пьедра-Кантеададағы орманды жарық қоңыздар жарықтандырып тұр. Мұнда жарық қоңыздар сағат 08:30 мен 09:30 арасында екі ай бойы түн сайын пайда болады. Кейде жүздеген биолюминесцентті қоңыздар жарқырау әдістерін үйлестіріп, бірге жанып-өшеді.