Колумбияда бұқамен сайыс кезінде трибуна опырылып құлады: қаза болғандар бар

Алдын ала мәлімет бойынша оқиғадан кем дегенде екі адам қаза тауып, 60 адам жарақат алған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Колумбияның Толима провинциясында бұқамен сайыс кезінде көрермендер отырған трибуна опырылып құлады, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Хабарламада Эспиналь муниципалитетінің алаңында трибунаның опырылуынан зардап шеккендердің саны 500 адамға жетуі мүмкін екені айтылған. Бұл туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Оқиға салдарынан ашулы бұқа алаңнан қашып кетті, көшедегі халық дүрбелеңге салынған.
Корралеха – Колумбиядағы көше корридасы, онда жануарларды өлтіруге тыйым салынған. Ойыннан шаршаған жануарлар аренадан шығарылып, басқасымен ауыстырылады. Тореадорлар жиі өлім құшатынына қарамастан, бұл ойынға қызығушылық төмендеген емес.