НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Үш жаңа облыстың тұрғындарына тіркеу белгілері берілді, бірақ жүргізушілерге қазіргі көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ.
Бұл туралы брифинг барысында ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
"Қазақстанда көлік құралының тіркелген өңірін белгілеу үшін тиісті цифрлық белгі қолданылады. Мемлекеттік тіркеу нөміріндегі реттік сан өңірдің атауына байланысты мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен беріледі", - деді ол.
Яғни өңірлерге:
Абай облысы – 18;
Жетісу облысы – 19;
Ұлытау облысы – 20 деген тіркеу нөмірі берілді.