НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. БАӘ өкілдері Ресейге Украинамен тұтқын алмасу бойынша көмек көрсетуді ұсынды, деп хабарлады РИА Новостиге дереккөз.
"Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғары лауазымды өкілдері Украинадағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ресейлік тарапқа тұтқынға алынған адамдармен алмасуға жәрдемдесуді ұсынды. БАӘ делдал болуымен жолданған ұсыныстар Украина тарапынан әскери тұтқындардың тізімін әзірлеу кезінде есепке алынады", - деді агенттікке дереккөз.
Шілдеде адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова хабарлағандай, украин тұтқындардың аналары ұлдарын елге қайтармауды сұраған өтініштер түсе бастаған. Өйткені олар өз елінде репрессияға ұшырауы немесе оларды қайтадан майданға жіберуі мүмкін деп отыр.
Біраз бұрын сотталған әскери тұтқындарды айырбастаған жағдайда оларды жазадан босату және қылмыстық істі жабу туралы заң жобасы Жоғарғы Радаға ұсынылған болатын.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, наурыздың соңына қарай Ресей армиясы бірінші кезеңнің негізгі міндеттерін орындады. Ведомстводағылар басты мақсат Донбассты азат ету деп отыр.