НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған, деп хабарлады ATPress.kz.
"Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент.
Көлік апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.