НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым — Sputnik. Әлемде маймыл шешегінің өршуі қазіргі уақытта халықаралық төтенше жағдай емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комитеті отырысының қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде осылай делінген.
Сондай-ақ, ұйым инфекцияның "одан әрі таралуын бақылау" үшін белсенді әрекет етуге шақырды.
Комитеттің бірнеше мүшесі әртүрлі пікір айтты. Комитет бұл індет халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде сипатталмауы керек деген ұсыныс беру туралы шешім қабылдады.
"Аурудың өршуінің төтенше сипатына байланысты" аурудың одан әрі таралуын бақылау қарқынды әрекет етуді қажет етеді", - деп толықтырды ұйым мүшелері.
Сарапшылар эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізуді ұсынды. Бірнеше аптадан кейін олар ақпаратты қайтадан талдайды. Комитет осы кезеңде елеулі өзгерістер болатынын және ұсыным қайта қаралатынын жоққа шығармайды.
Қазіргі уақытта маймыл шешегі 50-ден астам елде тіркелген. Мамыр айының басынан бері 3 мыңнан астам инфекция анықталды.