Әнші МакSим табынушысы концерт кезінде сахнаға шығып, оғаш қылық көрсетті – видео

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Екатеринбургтегі музыкалық фестивальде өнер көрсетіп жатқан кезде әнші МакSим-ге тыңдарман шабуыл жасады.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Әнші "Мой рай" әнін орындап жатқанда жанкүйер сахнаға жүгіріп шығып, оны құшақтап алмақ болған.
Алайда күзет қызметі дереу оның алдынан көлегейлеп үлгерді. Бірақ жанкүйер әншіні қолынан ұстап, сүйрей жөнелген. Соның салдарынан артист тізерлей құлап түсті. Күзетші оған орнынан тұруға ​​көмектесті.
Тыңдарманның мұндай қылығынан абдырап қалған әнші бір сәтке ән айтуды тоқтатқанымен, артынша күш-жігерін жинап, өнер көрсетуге қайта кірісті.
Әншінің жағдай жақсы, ол концертін сәтті аяқтағаны хабарланды.