НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қимыл мен эмоцияға қарап, өтірікті анықтауға болады, деді психология ғылымдарының кандидаты Анастасия Лысакова Sputnik радиосына.
Адамдар, мысалы, алаяқтар жиі өтірік айтады және қалай алдау керектігін біледі. Кейде тіпті кәсіби мамандар өтірікті шындықтан ажырата алмай қалады.
Маманның айтуынша, қарапайым адам өтірік айтқан кезде өзін-өзі ұстамай алмайды.Ең алдымен, адамның эмоциясына назар аударған жөн.
"Өтірікші бір оқиғаны айтып жатқан кезде сезімдері сюжетке сәйкес келмейді немесе кеш көрінеді. Мысалы, таңдану немесе қорқыныш болуы керек, ал адам күледі.Қажетті эмоциялар қорқыныш пен таңдануды білдіретін сөздерден кейін бір-ақ келеді. Бұл маңызды нәрсе", – деді Анастасия Лысакова.
Адам бір нәрсені ойдан шығаруға тырысқанда, көбінесе солға немесе жоғары қарайды, деп жалғастырды психолог.
"Дененің бүкіл сол жағынде, әсіресе оңқайларда, біртүрлі реакция болады. Сонымен қатар, ол солға немесе жоғарыға қарай алады", – деді Анастасия Лысакова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, шамадан тыс қол сермеп, қозғалу болады. Әр адамның мінез-құлқы психофизиологиялық жағдайға байланысты екенін есте ұстаған жөн, деді ол.