НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының бұрынғы орынбасары – Қазақстан Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды.
Бұл туралы 24.kz мемлекеттік телеарнасы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қолдаухат қанағаттандырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша күдікті екі айға қамауға алынды.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Қазақстан Ұллтық қауіпсіздік қызметі Дархан Ділмановтың, сондай-ақ Алматы облысы бойынша "Нұр жолы" шекаралық бақылау қызметінің басшысы майор Арысбаевтың және басқа да азаматтардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.