НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Украина, Донецк пен Луганск Халық Республикалары аумағынан келген 33 мыңнан астам босқын Ростов облысынан Ресейдің басқа аймақтарына пойызбен жөнелтілді.
Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Ростов губернаторы Василий Голубев хабарлады.
" 33 мыңнан астам адам Ресейдің басқа аймақтарына теміржол арқылы жөнелтілді", - деген ол босқындарды Ростов облысынан басқа Ресей Федерациясының 40 субъектісі қабылдап жатқанын нақтылады.
Жалпы 18 ақпаннан бері Ростов облысының шекарасын 1,6 миллионнан астам адам кесіп өтті. 1 миллионнан астам адам ЛХР мен ДХР бақылауындағы аумақтардан, тағы 600 мыңға жуық босқын Украина аумағынан келді.
Еске салсақ, ақпан айының ортасында жағдайдың шиеленісуі аясында Донбасс республикаларынан халықты ауқымды эвакуациялау шарасы басталды. Кейіннен Ресей Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігін мойындап, 24 ақпанда Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операцияны бастады.