Алматы тұрғындар қоғамдық көлікті қырық минуттап күтуге мәжбүр

Алматының қалалық мобильділік басқармасындағылар бағдарлы автобус жүргізушілерінің бекітілген кестені сақтамауының себебін түсіндірді
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 маусым - Sputnik. Алматылықтар қоғамдық көліктің тұрақсыз жұмысына, дәлірек айтқанда, жүргізушілердің қозғалыс кестесін сақтамауына жиі шағымданып жатыр.
Алматы әкімдігі мұның себебін жанармай құю станцияларының тапшылығынан деп түсіндіріп, бұл мәселені шешуге уәде берді.
Еліміздегі ең ірі мегаполис тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына наразы: кейбір бағыттар бойынша адамдар автобусты 30-40 минут немесе одан да көп күтуге мәжбүр, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Қалалық мобильділік басқармасына күн сайын арыз-шағым түсіп жатыр. Бірақ бұл мәселені тез шешу мүмкін емес. Шенеуніктер мәселе жүргізушілердің тәртіпке бағынбауында емес екенін, бұған жанармай құю бекеттерінің тапшылығы себеп болып отырғанын айтты.
Жүргізушілер бұл оларға байланысты мәселе емес екенін айтты. Олар жанармай құю бекетіне келген сайын үлкен кезекте, кейде бір жарым сағат бойы кезек күтуге тұруға мәжбүр болады. Соның салдарынан жол жүру кестесі бұзылып отыр.
Қалалық шенеуніктер бұл мәселеден хабардар екендерін айтып, оны шешуге бар күш-жігерін салып жатқандарын мәлімдеді. Бірақ бұл жылдам жүзеге асатын процесс емес. 2023 жылдың соңына дейін қоғамдық көліктерге қосымша екі жанармай құю бекетін ашу жоспарланып отыр. Бұл қазір жұмыс істеп тұрған жанармай құю станцияларында автобус жүктемесін азайтуға ықпал етуі мүмкін.
"Бүгінгі таңда әкімдік жер учасккелерін бөлді. Ол жаққа екі жаңа жанар-жағармай құю бекетін салу жоспарланып отыр. Бұл бекеттер жеткілікті қуатпен салынады. Олардың құрылысы 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп көздеп отырмыз", - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы Абылайхан Омархан.
Оқиға
Талдықорған - Үшарал жолында автобус аударылды