Ұлыбритания патшайымы II Елизавета бұл тізімде екінші болып тұр: ол 1952 жылдың ақпанында таққа отырды. Сол кезде ол Достастықтың басшысы және жеті ел – Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Пәкістан және Цейлонның билік етуші патшайымы атанды. Биыл аты аңызға айналған монарх патшайым 96 жасқа толды. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы билікте отыр
Рейтингтегі бірінші орында 1643-1715 жылдар аралығында Францияны 72 жыл 110 күн билеген король XIV Людовик тұр. XIV Людовик тарихта "Күн патшасы" деген атпен де белгілі
Үшінші орында – Таиланд королі Пхумипон Адульядет. Ол 1946-2016 жылдар аралығында 70 жыл 126 күн тақ билеушісі болған. Таиланд королі Пхупимона Адульядетаны сондай-ақ Рама IX деп те атаған
II Иоганн Лихтенштейннің он екінші князі атанды және 1858 жылдан 1929 жылға дейін 70 жылдан астам елге билік етті. Ол билік еткен кезең көптеген реформалармен есте қалды
I Кинич Джанааб Пакал – Майя Бакал патшалығының билеушісі. Ол 615-683 жылдар аралығында билікте болып, 68 жыл 33 күн патшалықты басқарған
І Франц Иосиф – Австрия-Венгрия монархиясының билеушісі, 1866 жылдан бастап Германия одағының президенті атанды. Оның билік ету кезеңі 68 жыл 355 күнге созылды
III Фердинанд - Қос Сицилия королі де тарихтағы ең ұзақ билік еткен монархтар тізіміне енді. Ол қоластындағылармен сөйлесудегі қарапайымдылығы үшін "қара халық патшасы" деген атқа ие болды. Ол тақта 65 жыл 90 күн болған
Виктория патшайым тақта 63 жыл 216 күн отырды. Ол билік еткен кезең "Виктория дәуірі" деп аталды және елдің өнеркәсіптік, саяси және әскери дамуының кезеңі ретінде есте қалды
Сёва император, Хирохито император 62 жыл 13 күн ел басқарған. Бұл Жапония тарихындағы ең ұзақ билік ету кезеңі болып саналады
Канси император 61 жыл 318 күн билік етті. Бұл кезең Қытай империясының алтын ғасыры болды. Билеуші 47 035 иероглифтің мағынасын түсіндіретін сөздік құрастыруының арқасында да тарихқа енді