НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ресей гвардиясының директоры Виктор Золотов ведомствоның Херсон облысындағы бөлімшелеріне барды, деп хабарлайды РИА Новости.
Золотовтың өңірдегі жағдаймен танысып, қызметтік-жауынгерлік іс-шаралардың ұйымдастырылуын тексеріп қайтты. Сондай-ақ Ресей гвардиясы сарбаздарының тұрмыс жағдайына баға беріп, жеке құраммен сұхбаттасты.
"Виктор Золотовқа өңірден табылған әскери техника мен қару-жарақты көрсетті. Арнайы әскери операция кезінде тәркіленген қару-жарақтың барлығы дерлік негізінен шетелдік өндіріске жатады", - деп хабарлады Ресей гвардиясының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Золотов арнайы операция кезінде ерекше көзге түскен ресейлік гвардияшыларға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Жоғары марапаттардың қатарында Александр Невский ордені, Ерлігі ордені, "Әскери қызметі үшін" ордені, "Отанға сіңірген еңбегі үшін" орденінің медалі, "Өміріне қауіп төнгендерді құтқарғаны үшін" медалі бар.
Сондай-ақ Золотов генерал-полковниктің погонын Ресей гвардиясы Оңтүстік округінің қолбасшысы Игорь Турченюкке тапсырды.
"Азат етілген елді мекендерде жергілікті халықтың қолдауын сезініп отырмыз. Бұл Ресей гвардиясы қызметкерлері мен әскерилерінің тапсырмаларды орындауына ықпал етеді", - деді Золотов.
Ресей гвардиясының жауынгерлері күн сайын инфрақұрылым мен көлік коммуникацияларының маңызды нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өткізу пункттерінде қызмет жасап, көлік құралдарында қару-жарақ пен жарылғыш заттың бар-жоғын тексереді, қоғамдық тәртіпті сақтайды, диверсанттар іс-қиымылының алдын алады.