Украинаның бұрынғы Луганск облысын азат ету аяқталып жатыр. Елді мекендердің басым бөлігі Луганск Халық Республикасының бақылауына өтті. Одақтас әскер батысқа қарай шабуылдап, Северодонецкті толықтай дерлік игерді. Енді көрші жатқан Лисичанскты қоршауға алып жатыр. Қала маңайында бірнеше қоршау қалыптасты, деп жазды РИА Новости.
Лисичанск бетпе-бет шабуылдау үшін күрделі нысана болып саналады. Қала биікте орналасқан, ғимараттар тым тығыз салынған. Оның үстіне, ұзақ қорғаныс үшін қолайлы өнеркәсіптік аймақ өте көп. Көмір өндіруші бес шахта, машина жасаудан техникалық мата фабрикасына дейінгі ондаған ірі зауыт бар. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда шоғырланған Украина Қарулы күштерінің жасағында 5-7 мың сарбаз бар.
Негізінде, кері шегінетін аумақ жоқ. Бейсенбіде Луганск Халық Республикасының Ресейдегі елшісі Родион Мирошниктің хабарлауынша, республикалық армия Артемовск — Северск — Лисичанск тас жолын бұғаттап тастады. Бұл Украина Қарулы күштері оқ-дәрі, азық-түлік пен қару-жарақ жеткізіп тұрған екі жолдың бірі болатын. Артемовсктан Соледар арқылы өтетін екінші тас жол әлдеқайда ерте бақылауға алынған. Украин әскерінің жағдайы ушыға түсті.
"Олар қоршауда, олардың талқандалуы уақыт еншісінде, - дейді ЛХР армиясындағы Лютый лақап атты офицер. – Біздің мәлімет бойынша, Лисичанскте украин сарбаздарынан бөлек бірнеше жүздеген батыс жалдамалы жауынгері мен еріктілер бар. Олар негізінен Польшадан келген. Олар өзге ел үшін өлетіндей ақымақ емес деп үміттенеміз. Мариуполь оқиғасы көрсеткендей, қалалық ғимараттар тығыз орналасса да, елді мекен толығымен бұғатталса, қорғаныс еш нәтиже бермейді".
Қазір жедел қоршауға алу мәселесі туындап тұр. Яғни, жасақ жабдықтаудан ажыратылып, көрші учаскелерге шығу мүмкіндігі жойылды. Бірақ толыққанды майдан шебі жоқ. Бұғатта қалғандар салыстырмалы түрде еркін маневр жасай алады.
Жедел қоршаудан кейін тактикалық қоршау кезегі келеді. Шабуылдаушылар қалаға қосымша күштерді тартып, соңғы өтетін жолдарды жабады және артиллерия мен авиация арқылы қорғанысты бұзуға кіріседі. Қорғаныста жатқанда тек бас сауғалап күтуге тура келеді.
"Одан кейінгі кезекте шабуыл немесе ұзақ уақыт қамау тұр. Одақтас армияның әскері екі жағдайға да дайын. Күні кеше ЛХР ішкі істер министрінің көмекшісі Виталий Киселев мәлімдегендей, Лисичанск-Северодонецк агломерациясы мен осында шоғырланған жасақ бір аптада толық бұғатталады.
Операция аясында Ресей мен Луганск Халық Республикасныңң армиясы Лисичансктан оңтүстікке қарай орналасқан ірі қоршауды қалыптастырды. Горский мен Золотой бекініс ауданында үш мыңға жуық украин сарбазы қоршауда қалды. Біріккен күштер Рай-Александровка елді мекенінде тұрақтап, Лисичанскпен соңғы коммуникацияны ажыратты.
"Біздің әскер Горский мен Золотой маңындағы топты толығымен қоршауға алды, - дейді әскери сарапшы Борис Рожин. – Сәйкесінше, қазір қоршау аумағы тарыла береді. Бір уақытта сыртқы периметрде Белая Гора, Волчеяровка және Николаевкаға шабуыл жалғасып жатыр. Бұл жақтағы басты мақсат – Лисичансктың шет аймағына шығып, Артемовск тас жолын кесіп өтіп, Украина Қарулы күштерінің Северодонецктегі жасағын толығымен қоршауға алу".
Аналитиктің айтуынша, бұл Луганск Халық Республикасының толық азат етілуін аңғартады. Қаланың оңтүстік аймақтарында қақтығыс жүріп жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, Киев одақтас әскер назарын Лисичанск пен Северодонецтен бұруға тырысып жатыр: Донецкке оқ ату жиілей түсті. Донецк Халық Республикасында атап өткендей, тіпті орталық аудандарға америкалық гаубицалар арқылы соққы жасалып жатыр.
"Бас қалаларға оқ ату, әрине, дұрыс емес. Бірақ олар солтүстікте қоршауда қалған жасақты қиратқанға дейін одақтас әскерді Луганск Халық Республикасынан оңтүстікке, Адеевка мен Пески маңына бағыттау – Украина Қарулы күштерінің жоспары бойынша соғысу болар еді", - дейді Донецк Халық Республикасы армиясындағы Клим лақап атты офицер.
Сонымен қатар, Луганск Халық Республикасының батысында жұмылдырылған күштердің бір бөлігі алдағы уақытта Артемовскке (Бахмут) шабуылды үдете алады. Ал ол жақтан Донецк Халық Республкасы үшін маңызы зор қалалар – Славянск пен Краматорскіге тікелей жол ашылады.
Сонымен қатар, Краматорскіде Біріккен күштер операциясының (JFO) украиндық штабы орналасқан. Оны басып алу немесе жою Донбастағы Украина қарулы күштерінің бүкіл тобын кесіп тастайды.