Әлем

Украинаны Еуроодаққа қабылдай ма

Sputnik
Еуроодақ Украинаға ЕО-ға мүшелікке кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Барлық 27 мемлекет келісім беру үшін одақ біршама күш салғаны белгілі. Дегенмен, кандидаттық алдағы уақытта Еуроодаққа кіруге кепіл бола алмайды, деп жазды РИА Новости.
Еуроодаққа мүше болуды ширек ғасырға жуық күтіп жүрген Түркияны мысал етуге болады. Жалпы Украина ешқашан Еуроодақтың бір бөлігіне айналмайтынын сенімді айтуға болады. Мұны жақында ғана еуропалық элитаның басым бөлігі айқын түсінді. Бірақ олар қазір "орыс агрессиясына қарсылық көрсетіп жатқан батыл Украинаны "саяси және моральді қолдап жатқан сыңай танытулары керек болып тұр. Сондықтан одаққа мүшелікке кандидат мәртебесін беруді ұйғарды. Бірақ Мәскеу үшін бұл дабылды белгі болып отыр: себебі Ресей Украинаны әлеуетті өз аумағы санап, одан бас тартатын сыңайы жоқ. Дегенмен, дәл осы себеп, атап айтқанда, Еуропа мен Батыстың өзгенің иелігіне таласуы Украинадағы жағдайға алып келді.
Күні кеше РФ президенті Влаимир Путин Санкт-Петербург халықаралық форумында Украинаға кандидат мәртебесі берілуіне қатысты "бұл әскери блок емес, сондықтан ол біздің шаруамыз емес" деп қысқа жауап берсе де, Ресей Еуропаның Украинаға "таласына" бей-жай қарамайтыны белгілі.
Оның үстіне, Еуроодақ пен Украина арасындағы қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайындық Еуропа мен Ресей арасындағы украин теңгерімінің шегіне жетуіне тікелей себеп болды.
"2013 жылдың күзінде Путин Януковичті қауымдастыққа қол қоюды кейінге қалдыруға көндіргені сол еді, Майдан, төңкеріс, Қырым мен Донбасс оқиғалары басталып кетті. Алайда, 2014 жылдың наурызында жаңа билік қауымдастық туралы келісімге қол қойды. Ал Украинаны Еуроодаққа қабылдауға ешкім асыққан жоқ. Оған Украинаның қандай да бір параметр бойынша дайын болмауы себеп емес. Басты себеп біреу: Еуропа Украинаны бөтен екенін, бөтен өркениетке, бөтен геосаяси кеңістікке жататынын анық түсініп отыр", - деп жазылған РИА Новости материалында.
Мақала авторының пікірінше, Еуропа өзінің ықпал ету аясына орыс әлемінің бір бөлігін қосуға қарсы болмайтыны анық. Бірақ ол үшін Ресеймен қарым-қатынасты бұзуды немесе онымен тікелей соғысуды қаламайды.
Арнайы әскери операция басталғаннан бері соңғы төрт айда не өзгерді? Еуропа Украинаны Ресейден ажыратып, Еуропа мен орыс әлемінің шекарасына құлып салатынына сене ме? Мұндайға поляктар сенгенімен, Еуропаның шекарасын шығыса қарай жылжыту мүмкін емес екеніне бірнеше рет көз жеткізген батысеуропалықтар, немістер мен француздар қалай сенді?
"Мұндай сауалдарға қазіргі Еуропа жауап бере алмайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрлықтағы негізгі халық – немістер өздерінің геосаяси ықпалынан айырылып ққалған кезде Еуропа мүдделер қайшылығына тап болды. Англосаксондық бақылау түрі мен пішінін өзгерткенімен, оның бағдарын айқындайтын негізгі фактор күйінде қала берді. Сондықтан геосаяси – әскери және идеологиялық тәуелділік Еуропаға өз етінше шешім қабылдауға мұрша бермей тұр", - деп жазды РИА Новости.
Өз бетінше шешім қабылдай алатын дербес Еуропа Ресеймен тату қарым-қатынасты сақтап қалған жағдайда ғана қалыптаса алар еді. КСРО Шығыс Еуропаны өзінің коммунистік ұстанымдарының арқасында емес, "біріккен Еуропа" үшін күрестегі жеңісінің арқасында игере алды.
Кеңес Одағы тарап, КСРО Шығыс Еуропадан кеткеннен кейін қалыпты тату қарым-қатынасты қалыптастыруға ештеңе кедергі болған жоқ. Алайда ол үшін бір ғана талап қойылды – КСРО ыдырауын өз жеңістері деп қабылдап, Еуропа мен орыс әлемінің шекарасын қайта қарауға әрекеттенбеу. Мұның мүмкіндгі болды ма? Әрине, бірақ ол үшін Еуропа англосаксондардың ықпалынан арылып, өз бетінше шешім қабылдай алуы қажет еді.
Енді Еуроодақ Украинаға таласып, Ресеймен соғысуға мәжбүр. Бұл Еуропа-Ресей қарым-қатынасының шиеленісуіне алып келді. Нәтижесінде Еуропаға қандай олжа ұсынылмақ? Еуроодақтың Мәскеуге қарсы іс-қимылда англосаксон ықпалында екенін анық түсінген Ресей Украинаны батыстың ығына жығуға жол бермейді.
Батыс Еуропа елдері Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысқан сәтте-ақ Еуроодақтың "русофобты" фракциясы оларға қысым көрсетуді бастайды. Мұндайда орыстарға өшпенділікті емес, еуропалық интеграцияны басшылыққа алады.
Сейсенбіде АҚШ президент Джо Байден "бір уақытта бұл ресейліктер мен Еуропаның шыдамдылығы және төзімділігін анықтайтын күту ойынына айналуы мүмкін" екенін айтты.