Шойгу Қазақстанды "Армия"форумына шақырды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу өзінің қазақстандық әріптесі Руслан Жақсылықовты биыл өтетін Қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясына және "Армия" форумына шақырды, деп жазады РИА Новости.
"Мүмкіндікті пайдалана отырып, тамыз айында әріптестерімді дәстүрлі іс-шараларға - халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясына, Армия халықаралық ойындарына және "Армия-2022" халықаралық әскери-техникалық форумына шақырамын", - деді Шойгу Жақсылықовпен кездесуде.
Шойгу ынтымақтастықтың басымдығының бірі ретінде Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ресейлік полигондарды атады.
"Біз Қазақстандағы әріптестеріміздің жұмысын бағалаймыз. Полигондар жұмысқа қабілетті, тиімді және біздің мемлекеттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдасын тигізеді", - деп атап өтті Ресей министрі.
Саясат
Шойгу екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты жоғары бағалады