Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон облысында жаңа үш ұялы байланыс операторы іске қосылды

Бұған дейін Украина Херсон және Запорожье облыстарында ұялы байланысты өшірді. Содан кейін өңірлер ресейлік ұялы байланыс пен интернетке көшті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Херсон облысында үш жаңа ұялы байланыс операторы іске қосылды,. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне өңірдегі әскери-азаматтық әкімшілік басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыстағы 470 ұялы байланыс мұнарасының басым бөлігі қалпына келтірілген.
"Байланысты қалпына келтіру және оның сапасын арттыру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді әкімшілік басшысының орынбасары.
Арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады.
Аймақтар Ресей субъектісіне айналу жоспары туралы жариялады.