Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донецк Халық Республикасында жаңа су тарату жүйесі ашылды

Су құбырын "Мосводоканал" және "Вода Донбасса" кәсіпорындары салған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Донецк Халық Республикасында "Северский Донец — Донбасс" арнасындағы су қорын толықтыратын жаңа су тарату жүйесі ашылды, деп хабарлайды РИА Новости .
Донецк Халық Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Алексей Кострубицкийдің айтуынша, күніне 20 мың текше метр су беріледі.
"Біз екінші сорғыны тәулігіне 35 мың текше метрге дейін су тарату мүмкіндігімен іске қосу арқылы бұл құбырдың қуатын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл Донецк, Макеевка және Ясиноватая қалаларына су беруді мүлде тоқтатпауға мүмкіндік береді", - деді шенеунік.
Оның айтуынша, мұндай тағы екі нысан іске қосылады деп күтілуде. Оның бірінен су Зуевский қоймасынан беріледі.
Билік тәулігіне 35 мың текше метрге дейінгі көлемде су беруді негізге алып отыр. Донецк ведомствосының басшысы атап өткендей, жалпы алғанда барлық су құбырынан тәулігіне 200 мың текше метрге дейін су беруді көзделіп отыр.
"Сондай-ақ Вольноваханы сумен қамтамасыз ету үшін резервтік құбырды салу жоспарда бар. Сонда халық жылыту маусымына еш қиындықсыз аяқ баса алады. Мариупольде Қырым су қоймасынан қазірдің өзінде барлық аудандарға су жеткізіліп жатыр. Негізінде биылғы жылыту маусымы мен осы жылға ол аймақта су жеткілікті болады", — деп түйіндеді ол.
Еске салсақ, 25 ақпаннан бері әскери іс-қимылдар салдарынан су арнасы арқылы, сондай-ақ Оңтүстік-Донбасс су құбыры арқылы су берілмей қалды. Сорғы станциясы тоқтан ажыратылды. Сүзгі станциялары әлі де шектеулі тұтыну режимінде жұмыс істеп тұр.
Донецк, Макеевка, Ясиноватая және Горловка тұрғындарын сумен қамтамасыз ету қиынға соғып отыр. Су қорын ұлғайту мақсатында жылу беру маусымын мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ ірі кәсіпорындар, әсіресе металлургия өнеркәсібі орталықтандырылған су жүйесінен ажыратылды.