Экономика

Доллар бағамы 465 теңгеден асып кетті

Шетелдік валюта бір тәулікте шамамен он бір теңгеге қымбаттады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында бейсенбі күнгі кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,15 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шетелдік валюта 10,79 теңгеге қымбаттап, бағамы 465,15 теңгені құрады.
Күндізгі сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 464,81 теңге болған еді. Бұл Ұлттық банктің 24 маусымға белгілеген ресми бағамы саналады.
Ал рубль бағамы 8,7 теңге болды.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 463-464 теңгеге сатып алып, 467-470 теңгеден сатып жатыр.