НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Апат 23 маусым сағат 01:50-де Тау ауылының маңында Жәнібек-Таловка жолының 25-шақырымында болды. Рөлде Төрешовтің өзі отырған және көлікте жалғыз болған. Ол жүргізген Volkswagen Polo жыраға аударылып кетті.
Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт кішкентай баласы – екі ұлы мен екі қызы қалды.
Жәнібек ауданы ішкі саясат бөлімі мәлімдегендей, жақында ол Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен барлық іс-шараға қатысқан.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.