Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей гвардиясы Украинаның оңтүстігіне гуманитарлық көмек жеткізуге атсалысты

Ведомство гуманитарлық көмек тиелген көлік легіне еріп жүру және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша 8 тапсырманы орындады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ресей гвардиясы елдегі төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Херсон және Запорожье облыстарына 135 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізуге көмектесті.
Гуманитарлық көмек Михайловка, Геническ, Новая Каховка, Энергодар және басқа да елді мекендерде берілді.
12 мыңнан астам тұрғын бірінші қажеттіліктегі заттар мен азық-түлік алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Еске салсақ, арнайы операция кезінде Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады.
Аймақтар Ресей субъектісіне айналу жоспары туралы жариялады.