Қазақстандық студенттер Челябіде қандай мамандықтарды игереді?

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. 500-ден астам қазақстандық студент Челябідегі Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде (ООМУ) оқиды.
Қостанай қаласының тұрғыны Дарья Морозова өмірін жаңа көліктер жасауға арнағысы келеді.
"Сол себепті мен Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің Политехникалық институтына оқуға түстім. Менің болашақ мамандығым – көліктік-технологиялық машиналар мен кешендерді пайдалану. Бұл қыз балаға тән емес шығар, бірақ мен бала кезімнен көліктерге, олардың қалай жұмыс істейтініне қызығатынмын", - дейді студент.
Оның ойынша, егер адамның мақсаты болса, онда ешқандай қиындық болмайды.
Студент Дарья Морозова демалыста жүр
"Мен Челябіге сүйікті мамандығымды игеру үшін келгенімді түсінемін, ол үшін бірінші курстан бастап тынымсыз білім алып жатырмын. Егер көздеген мақсатым орындалмай жатса, мен одан бас тартпаймын, өз жолыммен жүруді жалғастыра беремін", - дейді студент қыз.
Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің шетелдік студенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Людмила Лапина түсіндіргендей, қазақстандық студенттер көбінесе тәжірибеге бейімделген мамандықтарды таңдайды. Олардың қатарында энергетика және электр техникасы, өнім технологиясы және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, заң және құрылыс – электр энергетикасы және электр техникасы, құрылыс, заң, менеджмент және экономика салалары бар.
"Бұл олар Отанына оралғанда міндетті түрде қажет болатын мамандықтар, Ресейде де аталған мамандықтар бойынша жұмыс көп", - деп атап өтті сарапшы.
Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті – ғылым мен технологияны дамытудың басым бағыттары бойынша инновациялық зерттеулер жүргізілетін мультипәндік зерттеу оқу орны. Ресей Федерациясының ғылыми-техникалық даму стратегиясына сәйкес, университет Индустрия 4.0 дамуына және компьютер ғылымы мен инжиниринг салаларындағы жаһандық көшбасшылыққа бағытталған. 2021 жылы Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті "Приоритет 2030"бағдарламасы бойынша байқауда жеңіске жетті.
Қазақстандық студенттер Оу банкінің зертханасында фотосессияда
Диана Тазеддинова Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде аспирантураны аяқтап, университетте жұмыс істеуге қалды.
"Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің магистратурасын бітіргеннен кейін ректорымыздың өзі маған ресейлік аспирантураға, дәлірек айтсақ, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетіне белгілі бір профессордың тәлімгерлік етуі бойынша оқуға түсуге кеңес берді. Соның нәтижесінде Челябіде жүргеніме 7 жыл болды: аспирантурадан кейін "Технология және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру" кафедрасына, одан кейін халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру бөліміне жұмысқа орналастым. Мен екі қызметті үйлестіріп жүрмін: ағуыздар негізінде арнайы өнімдер дайындау бойынша ғылыми жұмыстармен және шетелдік профессорларды тартумен айналысамын", - деді ол.
Оның пікірінше, жоғары білім берудің ресейлік стандарттары, ресейлік диплом Қазақстанда әрқашан бағаланып келеді.
"Челябі толығымен менің көңілімнен шығады, бірақ менің бүкіл өмірім қазір қаланың өзімен емес, біздің университетпен байланысты, ал анығында бұл қала ішіндегі қала. Алдағы жылдары өз ғылыми бағытымды одан әрі дамытамын. Спорттық тамақтану мәселесі өз елімде де үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін", - дейді Диана.
"Университет әлемнің жетекші 1000 университетінің қатарына кіреді және бұл жақын шетелден студенттердің оқуға келуіне ықпал етіп отыр. Олар үшін бакалавриат, магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша 3 мыңнан астам бюджеттік орын қарастырылған. Егер біреу бюджеттік негізде оқуға түсе алмаса, келісімшарт бойынша оқуға әрқашан мүмкіндік бар. Оның үстіне, биылдан бастап талапкердің оқуға түсу емтихандарын қалай тапсырғанына байланысты оқу ақысына жеңілдіктер жүйесі қарастырылған", - деді университет қызметкері.
Шетелдік студенттер Ural Fest 2021 іс-шарасында
Таяу шет мемлекеттердегі студенттер Бірыңғай мемлекеттік емтихан емес, ішкі сынақ бойынша оқуға түседі. Оқуға түсу үшін олар паспорт пен мектепті бітіргені туралы аттестатты (орыс тіліне аудармасымен) ұсынуы керек. Барлық шетелдік студентке жатақхана беріледі: 8 жатақхана бас корпусқа жақын жерде орналасқан. Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті кампусында медициналық орталық пен спорт кешені бар.
Людмила Лапинаның айтуынша, университеттің аумақтық жақындығы да студенттерді қызықтырып отыр – Өзбекстан мен Тәжікстаннан тікелей рейстер ұшады, ал Челябі облысы Қазақстанмен шекаралас. Сонымен қатар шетелдік абитуриенттердің осы оқу орнын таңдауына мұндағы білім беру бағдарламаларының кең ауқымы да ықпал етіп отыр.
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, қаланың атмосферасы да маңызды.
"Челябі – Оңтүстік Оралдың астанасы, бізде 120-дан астам түрлі ұлт пен этникалық топ тұрады. Барлығы агрессиясыз, жанжалсыз, етене араласып өмір сүруге үйренген. Шетелдік студенттермен үнемі бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Оңтүстік Оралдың шетелдік студенттерінің ірі қауымдастығы бар. Біз олардың барлығын жақынымыздай жылы қабылдаймыз, олар мұнда өздерін үйіндегідей еркін сезінеді. Жақын шетелдегі қыз-жігіттер бүкіл отбасымен оқуға түсетін кездер де болады - алдымен біреуі, содан кейін ағасы, содан кейін қарындасы оқуға түсіп жатады... Бұл өте жақсы сабақтастық", - деді ол.
Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде Қазақстанның серіктес университеттерімен бірге әзірленген академиялық мобильділік бағдарламалар, соның ішінде тек Қазақстанмен ғана жүзеге асырылатын бірегей бағдарламалар (мысалы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен "Журналистика" бағыты бойынша) бар.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде "Экология және табиғатты пайдалану", "Жылу техникасы және жылу энергетикасы", "Тіршілік қауіпсіздігі", "Негізгі информатика және ақпараттық технологиялар" бағыттары бойынша Қазақстанмен қос дипломдық 5 бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Оқу орнында Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері белсенді жұмыс істейді. 2001 жылдан бастап Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің ғалымдары Қазақстанның жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, Scopus-те индекстелген ғылыми журналдарда жалпы зерттеулердің нәтижелерін жариялап келеді. Қазірдің өзінде 74 мақала жарияланды.
Сондай жұмыстардың бірі – 2018 жылдың мамыр айында "Nature" журналында жарық көрген "Қола дәуірінен Орта ғасырдағы В гепатитінің ежелгі вирустары" мақаласы еуразиялық ауқымдағы ауқымды зерттеудің нәтижесі болды. Бұл ауқымды жобаға Кембридж университетінің, Копенгаген университетінің және Швеция, Дания, Ресей, Қазақстан және басқа да елдердің бірқатар ғылыми орталығының ғалымдары қатысты.
Ғылыми жобаға Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің ғалымы Андрей Епимахов елеулі үлес қосты. Ол Тасты Қойма қорымынан табылған археологиялық олжалардың нәтижелерін жалпы зерттеулерге қосты. Бұған дейін осы авторлар ұжымы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға жататын жоба тарихын зерттеу бойынша ерекше жообаны жүзеге асырды.