ПАВЛОДАР, 22 маусым – Sputnik. Павлодарда тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік баланы қағып кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
20 маусым күні сағат 21.00-де Ломов көшесіндегі 156/2 үйдің ауласында Lada Granta көлігінің 46 жастағы жүргізушісі бес жастағы қызды қағып кетті.
Жол апаты салдарынан жарақат алған баланы ата-анасы ауруханаға жеткізді. Оны шұғыл түрде травматологиялық бөлімшеге жатқызылды.
Баланың жағдайы қаңқа жарақатына байланысты орташа ауыр джәрежеде деп бағаланды.