Батыс Қазақстанда дауыл ғимараттардың шатырын ұшырып, байланыс мұнараларын құлатты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында дауыл болып, Қарашығанақ кен орнына үлкен залал келтірді. Жел ғимараттардың шатырын жұлып әкетіп, ұялы байланыс мұнараларын құлатып, автокөліктерді ұшырды, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Өңірде ауа райы кеше түскі уақытта бұзыла бастаған. 30 градусқа дейінгі ыстық өткінші нөсермен алмасты. Кешке қарай облыс аумағында дауыл соқты.
Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өңірде әлі күнге дейін қауіп бар: дауыл соғып, қатты найзағай ойнауы мүмкін.