НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі Қарағандыда ірі көлемде ақша ұрлаған университеттің бас есепшісі ұсталғанын хабарлады.
Агенттік университтеттің атауын жариялаған жоқ. Бірақ тергеу кезінде бас есепшінің бюджет қаржысын қалай ұрлағанын ашық айтты. Ол 2021 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың мамыры аралығында қызмет бабын пайдаланып, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырған.
"Атап айтқанда, жалақы, денсаулықты жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түрінде берілетін ақшаны өз шотына, директордың орынбасарына, екі үй-жайларды тазалаушыға, бір оқытушы мен тағы бір есепшінің шотына аударып отырған. Осылайша жалпы сомасы 88 миллион теңгені ұрлаған", - дейді агенттік мамандары.
Осы уақытқа дейін 13 миллион теңге өтелді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.