НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Пәкістанда екі апта бұрын Симба деген ұзынқұлақты лақ туған. Ол Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп жазады Ruptly.
Лақ иесі Мұхаммед Хассан Нареджо Гиннесс рекордтар кітабының өкілдерімен хабарласуға тырысқанын айтты.
"Лақ ұзындығы 48 сантиметр болатын құлақпен туды. Бұл - жаңа әлемдік рекорд. Мен Гиннестің рекордтар кітабына өтініш бердім, бірақ олар маған әлі хабарласпады. Олар байланысқа шығып, осы әлемдік рекордты тіркейтініне сенімдімін. Өйткені бұл ерекше ешкі", - деді ол.
Қазіргі уақытта Гиннесс рекордтар кітабында ұзын құлақты ешкі деген санат жоқ. Мұндай өлшем тек иттер үшін қарастырылған.