Оқиға

Нұр-Сұлтанда қамыс өрті әлі сөнген жоқ – тікұшақ жұмылдырылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Үлкен Талдыкөл маңында басталған қамыс өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт кеше, 20 маусым түскі үштер шамасында басталды. Қорғалжын тас жолы бойында, Үлкен Талдыкөл көлінің ауданында қамыс өртенген.
"Қолжетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. "Астана Орманы" МКК күшімен өрт периметрі бойынша жер жыртылды. Өрттің "Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" таралу қаупі жоқ", - деді ведомстводағылар.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 адамы, 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды.
Ал бүгін, 21 маусым сағат 08.09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы ұшып кетті.