НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Херсон облысындағы Новая Каховка қаласында Ресей азаматтығын алу үшін құжаттарды қабылдау орны ашылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Өңірдегі екінші "төлқұжат үстелінің" ашылуына әскери-азаматтық басқарма өкілдері қатысты.
"Бұл Херсон облысындағы екінші бөлімше. Ол Новая Каховкада ашылды. Біз жұмыстың алғашқы сағатында-ақ 143 адам жазылғанын көріп отырмыз. Херсондағы бірінші бөлімшеде өтініш білдіргендер саны 9 мыңнан асты. Процесс өте жақсы жүріп жатыр. Адамдар мұны уана әрі шабыттанып жасап жатыр", - деді әскери-азаматтық әкімшіліктің басшысы Владимир Сальдо.
Оның айтуынша, алдағы уақытта құжаттарды қабылдайтын он пункт ашу жоспарланып отыр.
"Біз филиалдарда жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытып жатырмыз. Сондықтан өтініш беретін орындардың саны артады деп ойлаймын", - деді Сальдо.
Ол Херсон облысының барлық мүдделі тұрғындары Херсон немесе Новая Каховка тұратын-тұрмайтынына қарамастан, құжаттарды қабылдау орындарына жүгіне алатынын атап өтті.
Арнайы операция кезінде Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Аймақтар Ресей субъектісіне айналу жоспары туралы жариялады.