НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Көкшетауда қыздың бетінен бір ұрған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
19 маусым күні түнгі сағат 01:30-да Көкшетау қалалық полиция басқармасына 18 жастағы қыз арызданды. Ол құрбысымен бірге отырғанда ер адам келіп, таныспақшы болған. Қыз бас тартқан. Сол кезде бұзақы оның бетінен бір ұрған.
Оқиға орнына барған полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол мас болған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңгеге) дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.