НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 448,32 теңгені құрады.
Осылайша шетелдік валюта бір тәулікте 4,57 теңгеге қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы – 447,93 теңге. Бұл Ұлттық банктің 22 маусымға белгілеген ресми бағамы саналады.
Рубль бағамы 8 теңгеден асып, 8,27 теңгеге жетті.
Айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 447-448 теңгеге сатып алып, 451-452 теңгеден сатып жатыр.
Бүгін мұнайдың әлемдік бағасы да өсті. Инвесторлар осы шикізаттың тапшылығы туындауы мүмкін деп болжап отыр.