Жетісу облысында 60 бас ұсақ малдың өлексесі табылды

Болжам бойынша мал жайлауға көшкен кезде суға құлап, тұншығып өлген
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 20 маусым – Sputnik. Талдықорған маңында су қоймасының жағасынан бір қора ұсақ малдың өлексесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан қырылған малдың су жағада шашылып жатқанын көруге болады.
Ақпаратты Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растап, малдың қырылу дерегі Қызылағаш ауылдық округі аумағында тіркелгенін хабарлады. Оқиға орнынан жергілікті тұрғындар 8 ешкі, 9 қозы және 43 қойдың өлексесін тапқан.
"Жануарлардың өлексесі судан шығарылып, мал қорымына жеткізілді. Малдың иесі анықталып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларына сәйкес шара қолданылады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.