"Қазатомөнеркәсіп" су құбырында жарылыс болды

Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 маусым – Sputnik. Кеше, 19 маусым күні "Қазатомөнеркәсіп" Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында құбыр желісінде жарылыс болды, деп хабарлады Lada.kz.
Шамамен 10 метр биіктікте су субұрқақша шашырады. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.
Кәсіпорынның хабарлауынша, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЖЭО-3 сол жақ теңіз су құбырында қарау люгінің разгерметизациясы жүргізілді.
"Бірінші теңіз су құбыры бойынша су беру тоқтатылды. Бірақ екінші су құбыры сол қалпы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын тарапынан ауыз су мен электр энергиясын өндіруге ешқандай шектеулер жоқ", – делінген хабарламада.