Әлем

Өзбек-қырғыз шекарасында жерасты жолы табылды

Тексеру кезінде Әндіжандағы тағы бір үйден ұзындығы 420 метрлік тоннель анықталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Өзбек-қырғыз шекарасында жасырын жерасты жолын қазғандар ұсталды, деп хабарлайды "Хабар 24".
8 адамнан құрылған қылмыстық топ жылдар бойы контрабандамен айналысқан. Екеуі Өзбекстан, алтауы Қырғызстан азаматы. Олар жерасты жолымен 1 млн 641 мың доллар қаржыны заңсыз алып өтпек болғанда қолға түсті.
Тексеру кезінде Әндіжандағы тағы бір үйден ұзындығы 420 метрлік тоннель анықталды. Онда жүк таситын электр арба болған. Кінәлілерге қатысты сот қылмыстық іс қозғап, 8 жылға дейін бас бостандығын шектеді.
"Топ мүшелері құқық қорғау органдарының назарына ілікпес үшін байланыс құралдарын қолданған. Ірі көлемдегі валютаны еліміздің аумағына әкеліп, одан кейін жер асты туннелі арқылы Қырғызстанға алып кетіп жүрген. Тергеу амалдары кезінде олардың әрекеттері айғақ заттармен дәлелденді", - дейді мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі Мақлиё Валиқулова.