Еурокомиссия ЕО елдеріне Украинаны одаққа мүшелікке әлеуетті кандидат ретінде қарастырды ұсынды. 23-24 маусымда Брюссельде осы мәселе қаралады. Егер 27 елдің ешқайсысы қарсылық танытпаса, Украина Еуроодақ мүшесі атанады, деп жазды РИА Новости.
Еуроодаққа мүше болу үшін бір кездері КСРО-ның ең бай республикасы ғылым мен өнеркәсібінен айырылып, әскери де, ғарыштық та жоғары технологиясынан көз жазды. Елде дәрігерден бастап инженерге, оқу орындарындағы профессордан бастап зымыран құрастырушыға дейінгі білікті мамандардың барлығы қалмады.
Ресеймен барлық қарым-қатынасты үзу ел экономикасын Еуропаға қайта бейімдеуі керек еді. Бірақ бәрі басқаша қалыптасты. Украинадағы өндіріс құлдырады, ел кедейлік құрсауында қалып қойды.
"Елде қала өркениетінің орнына дала өркениеті, тіпті фашизм, сатанизм түрлі діни жораларды жөн көретін "жабайылық" белең ала бастады. Елдің болашағына күмәнмен қарағандар қоныс аударуды армандады. Бұл көбінің қолынан келді. Өйткені, соңғы отыз жылда Украина өзінің ең үздік миллиондаған азаматынан айырылды", - деп жазды мақала авторы.
Мақалада жазылғандай, мұндай құлдырау мен кедейшілік азаматтарды бүтіндей облыс, қала және өңір күйінде қоныс аударуға мәжбүрледі. Осылайша Қырым, Донецк, Луганск Украинадан бөлініп шықты. Соңғы айларда олардың соңынан Херсон, Мелитополь, Мариуполь ерді. Батыс облыстардағы халық поляк билігіне үлкен үміт артып отыр.
Қазір украиндер біліктілігі жоғары және ДХР ме ЛХР бөлімшелерінде тәжірибе жинақтаған жауынгерлерге қарсы соғысуға және мерт болуға мәжбүр. Мұны Зеленскийдің өзі мойындап отыр. Сонда мұның барлығы не үшін? Өзін Еуропа деп санау үшін бе?
Отыз жыл бұрын Еуропа Украинаны одаққа мүшелікпен қызықтырды. Соңғы отыз жылда қарапайым украиндердің өмір сапасы жақсара қойған жоқ. Керісінше олардың арасында өлім-жітім көбейді. Еуропаның украиндерге визасыз режимге рұқсат беруі елдегі проблеманың шешімі бола алмайды. Бұл небәрі басқа елге жылдам қоныс аударудың амалы ғана. Содан кейін дәулетті мемлекетте заңсыз, бейресми жұмыс істеп, күн көруге тура келеді.
"Жалпы Еуроодаққа мүшелікке кандидат мәртебесі Украинаға не береді? Ештеңе. Солтүстік Македония бұл мәртебені алғалы он жеті жыл, Черногория – он екі, Сербия – он, Албания – сегіз, Түркия – жиырма үш жыл болды. Бұл мемлекеттер Украинаға қарағанда әлдеқайда табысты әрі демократиялы ел", - деп жазылған материалда.
Теория тұрғысында кандидат-мемлекетке Брююссель визасыз режим мен материалдық көмек ұсынады. Бірақ Украинаға визасыз режим беріліп қойды. Миллиардтаған еуромен қаражат та жолдады. Бірақ сол еуро қарапайын украинге жетті ме? Ол жағы беймәлім.
Украинаны Еуроодаққа толыққан мүше ретінде қабылдау мүмкін емес. Украина "алтын жарты миллиард" еуропалықтан қаншалықты алшақ тұрғаны көзге анық байқалады. Бір ғана мысал: ЕО-ға бюджет тапшылығы 3%-тен жоғары мемлекеттерді қабылдамайды. Украинаның биылғы бюджет тапшылығы шамамен 17,8%-ті құрайды.
Бұл елдегі соғыс қимылдарын айтпағандағы жағдай. Түркияны ЕО-ға қоспауға Солтүстік Кипр төңірегіндегі көптен бері бәсеңдеген қақтығыс сылтау болды. Ал Украинада не болып жатыр? Ресейдің осы елдегі арнайы әкери операциясы аяқталған күнде де украин жеріне адамдар көшіп барып, мұнда қалыпты өмір жалғасады дегенге сену қиын.
Еуропа халқы да Украина сынды болашағы бұлыңғыр елдің одаққа мүше болуын аса құптап отырған жоқ. Франция президенті Макрон "бұл алдағы онжылдықтардың еншісіндегі іс" деп пікір білдірді. Яғни, еуропалық элитаның өзі саммиттер, Еурокомиссия шешімдері, Зеленский мәлімдемелерінің барлығы тап ертең шешімін табатын мәселе емес екенін мойындап отыр.
Алдағы саммит Украинаның артынан кандидат статусы үшін өтінім жолдаған Грузия мен Молдованың ренішін тудырып отыр. "Егер ашық қақтығыс арқылы ғана кандидат мәртебесін алу керек болса, онда біз мұндайға бармаймыз", деді Грузия премьер-министрі. Ал Молдовия президенті Майя Санду өз елі мейлінше жылдам кандидат мәртебесін алуды қалағанымен, ЕО-ға кіру үшін қажетті міндетті процестер бар екенін айтты.
"2014 жылы Украинаны Еуроодаққа қарай ұмтылуды итермелеген шақта Ресей бауырлас мемлекетті ақылға келуге шақырып, кредит, жеңілдіктер түрінде қолынан келгенше көмек беруді ұсынды. Бірақ Киевтің көксегені басқа еді. "Еуропалық арманның" бағасы қарапайын украиндер үшін тым қымбатқа түсі тұр", - деп жазды мақала авторы.