Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донецкте алапат өрт шықты

13 маусымнан бері украин әскерлері Донецк Халық Республикасына оқ атуды үдетіп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Украин әскерлері таңертеңнен бері Донецкке шабуыл жасап жатыр, Азотный шағын ауданында қатты өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Донецк қайтадан оқ астында қалды. Қаланың Киев, Куйбышев және Петров аудандары тағы да жаппай атқылаудан көз ашар емес. Азотный ықшам ауданында алап өрт шыққаны туралы хабар тарады", - деді қала мэрі Алексей Кулемзин.
"Донецк Халық Республикасы өкілдігінің ақпараты бойынша, украин әскері қалаға 90-ға жуық 155 миллиметрлі снаряд, жиырмаға жуық 122 миллиметрлі снаряд және 20 "Град" зымыранын бағыттаған.
Қаланың барлық ауданына соққы жасалып жатыр. Әсіресе, Киев, Петров, Пролетар және Куйбышев аудандары қатты зардап шегіп жатыр.
ДХР басшысы Денис Пушилин арнайы үндеу жасап, республика Ресейден "қосымша одақтас күштерді" сұрап отырғанын айтты.