Экономика

Доллар биржада арзандады

Шетелдік валюта бағамы 3,65 теңгеге төмендеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 443,26 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шетелдік валюта 3,65 теңгеге арзандады. Жұма, 17 маусым доллардың орташа бағамы 446,91 теңгені құраған еді.
Айырбастау пунктерінде долларды 442-443 теңгеден сатып алып, 445-448 теңгеге сатып жатыр.