АЛМАТЫ, 20 маусым — Sputnik. Атырау облысының полицейлері "Атырау" - "Ақтөбе" командаларының футбол матчына дейін жаппай төбелеске қатысқаны үшін отыз адамды ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске ұласқан жанжал 19 маусымда кешкі сағат 18:00-де "Атырау" - "Ақтөбе"командалары арасындағы матч басталар алдында болған.
"Полиция қызметкерлері Атырау қалалық полиция басқармасына қоғамдық орында құқықбұзушылық жасаған 30 адамды жеткізді. Тиісті құжаттар жиналып жатыр", - деді аймақ полициясы.
Сондай-ақ, жанкүйерлерді тарату кезінде ешқандай арнайы құрал қолданылмағаныны айтылды.