Спорт

Аида Сатыбалдинова үш жыл үзілістен кейін рингке оралып, титул жеңіп алды

GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) Комерсте (АҚШ, Калифорния штаты) титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Ол гаити аруы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) қолғап түйістірді. Бұл кездесу титулдық сипатқа ие болды. Өйткені GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпионның белбеуі сарапқа салынды әрі ойын алты раундқа есептелген.
Оның қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Сатыбалдинова жеңіске жетті.
Осылайша, Аида Сатыбалдинова кәсіби карьерасында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, GBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды. Ал Джайка Павилус алтыншы рет жеңіліс тапты.
Айта кетері, Аида Сатыбалдинова үшін бұл үш жыл үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болды. Ол соңғы рет 2019 жылдың шілдесінде шаршы алаңда өнер көрсеткен.
Рингте есінен айырылып, көлеңкемен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды