Қазақстан 2045 жылға дейін ядролық қаруды толық жою жоспарын әзірлеуге шақырады

Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз мақаласында жазды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан әлемнің ядролық державаларын БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына орай, 2045 жылға дейін ядролық қаруды толық жоюдың кезеңдік жоспарын әзірлеуге шақырады, деп мәлімдеді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
"Украинадағы қазіргі әскери қақ­тығыс, ядролық қаруды қайтару туралы әңгі­мелер және оны қолданудың қауіп­тері бізді адамзаттың ұжымдық осалдығы ту­ралы және қырғынға ұшырататын қа­руға тыйым салу мен жоюдың шұғыл қа­­жеттілігі туралы ойлануға мәжбүр етеді", - деп жазды ол 2022 жылы 21-23 мау­сымда Вена қала­сын­да өтетін Ядро­­лық қаруға тыйым салу туралы шартқа қа­тысушы мем­лекеттердің ал­ғашқы кездесуі қарсаңында жариялаған мақаласында.
Қазақстанныңсыртқы істер министрі бүгінде ресми мәлімет бойынша әлемде 13 400-ге жуық ядролық оқтұмсық барекенін, ядролық қаруды қолдану мүм­кін­дігі қырғиқабақ соғыстың ең ауыр күн­­деріне қарағанда шынайы бола бастағанын атап өтті.
ТілеубердіҚазақстанның ядролық қарусызда­нуға қосқан практикалық үлесі халықтар мен үкіметтерді өзара сенімді нығайту негізінде планетамызды ядролық өзін-өзі жою қатерінен арылту үшін күш-жігерді екі есе арттыруға шақыруға моральдық құқық береді деп есептейді.