Оқиға

Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға елорданың сол жағалауында болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, көз жұмды.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, "102" каналына Достық көшесінде 7-ші қабаттағы балконнан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.
"Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған", - деп мәлімдеді полиция.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.
ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.