Ақтөбеде элеваторда биіктіктен құлаған бала көз жұмды

Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін үш аптаға жуық күрескен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында ескі қараусыз қалған элеваторда биіктіктен құлаған бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" порталына сілтеме жасап.
31 мамырда 9 жастағы Батыр қаланың ескі аймағында қараусыз қалған элеваторда ойнап жүріп құлап кеткен. Облыстық ауруханаға ес-түссіз жеткізілді. Балаға суық тиіп қалған. Оған қоса, миына қан құйылып, ісік пайда болған.
Батыр біраз уақыт комада жатты. Оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан. Баланың жағдайы өте ауыр болды.
"18 маусым күні сағат 22:00-де Батыр мәңгілік сапарға аттанды. Дәрігерлер барын салды, бірақ жарақаты тым ауыр болды", - дейді балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.