Қоғам

Ұшаққа зақым келген: Түркияға баратын жолаушылар Алматы әуежайында бөгеліп қалды

Таңертең Антальяға ұшып шығуға тиіс болған екі жүзден аса жолаушы әуежайда бөгеліп қалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Air Astana ұшағы фюзеляждағы зақымға байланысты Алматыдан Антальяға уақытында ұшып шыға алмады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Рейс таңғы 09.40-та аттануға тиіс еді. Оған 209 жолаушы тіркелген.
"Air Astana әуе компаниясының Алматы – Анталья бағытындағы КС 915 рейсі ұшақтың кеш қонуына байланысты кешігіп жатыр. Ұшақ фюзеляжына бұған дейінгі рейстерді орындау кезінде зақым келген. Зақымды бағалау және жою жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.
Осыдан кейін ұшақтың ұшу уақыты 17.15-ке белгіленді.
Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.