Тоқаев орден мен марапат алмау жөнінде шешім қабылдады

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арналарда тараған ақпаратты растады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттілігі аяқталғанша отандық және шетелдік наградаларды қабылдамауды шешті.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арналарда тараған ақпаратты растады.
Бүгін YEDILOV ONLINE Telegram-арнасында президенттң барлық наградадан бас тартқаны туралы ақпарат жарияланды. Оған сәйкес, кеше Санкт-Петербор қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевты "Александр Невский" орденімен марапаттау туралы ұсыныс жасалды.
"Мемлекет басшысы оған көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Бірақ ол президенттік өкілеттілігі аяқталғанша отандық және шетелдік наградаларды қабылдамауды шешті. Дәл осы себепке байланысты жақында Бішкек қаласына жасаған сапары барысында қырғыздың жоғары наградасы - I дәрежелі "Манас" орденінен бас тартқан болатын", - деп жазды Ербол Еділов.
Sputnik Қазақстан тілшісі президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға хабарласып, осы ақпаратты нақтылады.
"Иә, растаймыз", - деді Желдібай.